«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

«Дарханға ренжулі едім»: Азамат Тоқтаубаев тергеуде жалған мәлімет бергенін мойындады

"Дарханға ашулы едім": Сотталушы Азамат Тоқтаубаев тергеу кезінде жалған айғақ бергенін айтты
Жоғарғы сот

Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде айыпталушылардың бірі Азамат Тоқтаубаев сот алдында өз ісіне өкініш білдірді. Ол сол түні үйден шыққанына өкінетінін айтып, болған оқиғаға жанама түрде себепкер болғанын мойындады.

«Егер үйден шықпасам, бұл жағдай болмас еді. Өзімді құқықбұзушы деп есептеймін. Сол түні өзім де ауырып тұрдым, кішкентай балама жөргек алуға шыққан едім», – деді ол.

2023 жылғы 14 желтоқсанда Тоқтаубаев Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-тармағы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша күдікті деп танылып, екі айға қамауға алынған. Ол Талдықорған қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жабылып, кейін үйқамаққа ауыстырылған. Алайда айыптау ҚК 106-баптың 2-тармағына («ауырлататын мән-жайлар бойынша») өзгертіліп, 2024 жылғы 17 қазанда Талғар аудандық соты оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Тоқтаубаев бұл үкімге қарсы Жоғарғы сотқа шағымданып жатқанын айтты.

Сот отырысында ол тергеу кезінде жалған айғақ бергенін де мойындады. Оның айтуынша, тергеу барысында Әскентай Дархан туралы шындыққа жанаспайтын жауап берген.

«Дарханға ашулы едім. Ол ешкімді ұрмады, қолында пышақ болған жоқ. Бірақ мен бәріміз бірдей жауапқа тартылсын деп ойлап, жалған жауап бердім», – деді Тоқтаубаев.

Ол төбелес кезінде жағдайды тоқтатуға тырысқанын, кейбір адамдарды сабырға шақырып, ажыратуға тырысқанын айтты. Сонымен қатар ол сол түні Дарханның жарақатын көріп, Нұрболмен бірге ауруханаға баруға кеңес бергенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Дулат Исабековтің рухына арнап ас берілді

Арман Қырықбаев Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

Абай облысының әкімі Берік Уәли сынға қалған орынбасарын қызметінен алып тастады

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу