«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Ай сайын 178 мың теңге – қазақстандықтар неге ең көп қаражатты тамаққа жұмсайды?

Қазақстандағы орташа отбасылық шығындар 1 036 603 теңгені құрады (тоқсанға), яғни айына шамамен 345 534 теңге. Бұл қаражат негізінен азық-түлікке, маңызды заттарға, қызметтерге және несие төлемдеріне жұмсалады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екінші тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 359 638 теңге болды, бұл айына шамамен 119 879 теңгеге тең. Ал шығындар сәл төмен – тоқсанына 311 192 теңге немесе айына 103 731 теңге.

Орташа қазақстандық отбасының тоқсандық табысы 1 182 552 теңгеге жетіп, айына 394 184 теңгені құрады. Тұтынуға жұмсалатын шығындар да миллионнан асып, орта есеппен 1 036 603 теңгеге (айына 345 534 теңге) жетті. Яғни қазақстандықтар табыстарының басым бөлігін бірден жұмсайды.

Орташа отбасы айына 178 737 теңгені азық-түлікке жұмсайды, бұл барлық шығынның 52%-ын құрайды. Мұндай көрсеткіш кедей елдерге тән деңгей болып табылады. Ал салыстырмалы түрде дамыған елдерде азық-түлікке жұмсалатын шығындар 15%-дан аспайды.

Азық-түлікке жұмсалатын айлық орташа шығындардың құрылымы:

  • Тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар – 164 437 теңге;

  • Үйден тыс тамақтану – 7 168 теңге;

  • Алкоголь – 1 705 теңге;

  • Темекі өнімдері – 5 010 теңге.

Ай сайын ең көп қаражат жұмсалатын азық-түлік түрлері:

  • Ет және ет өнімдері – 54 764 теңге;

  • Нан өнімдері мен жармалар – 24 260 теңге;

  • Сүт өнімдері – 17 479 теңге;

  • Жемістер – 14 868 теңге;

  • Көкөністер – 14 651 теңге;

  • Қант, кондитер өнімдері – 10 724 теңге;

  • Майлар мен тоң май – 8 422 теңге;

  • Балық және теңіз өнімдері – 6 762 теңге;

  • Жұмыртқа – 3 309 теңге;

  • Алкогольсіз сусындар – 7 044 теңге;

  • Басқа тағамдар – 2 155 теңге.

Басқа шығындар ай сайын былай бөлінеді:

  • Азық-түліктен тыс тауарлар – 69 329 теңге;

  • Ақылы қызметтер – 63 224 теңге;

  • Несие және қарыздар төлемі – 22 150 теңге;

  • Алимент пен туыстарға көмек – 7 120 теңге;

  • Салықтар мен өзге төлемдер – 525 теңге.

Айта кету керек, кейбір көрсеткіштер нақты жағдайдан ерекшеленуі мүмкін, себебі статистика отбасылардың сауалнамада көрсеткен деректері негізінде жасалады. Сонымен қатар есептеулерде тек еңбекке қабілетті адамдар ғана емес, барлық тұрғындар ескеріледі.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда екі немесе одан да көп жерде жұмыс істеуге қатысты ережелер туралы хабарлаған едік. Заң бойынша бір уақытта екі немесе одан да көп жерде жұмыс істеуге рұқсат беріледі, бірақ белгілі шектеулер бар: негізгі жұмыс күні 8 сағаттан аспауы тиіс, қосымша жұмыс 4 сағаттан көп болмауы керек, ал барлығы қосқанда тәулігіне 12 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Қосымша жұмысқа орналасу үшін қызметкер негізгі жұмыс орнынан еңбек жағдайлары мен сипаттамасын растайтын анықтама ұсынуы қажет. Жыл сайынғы еңбек демалысы негізгі жұмыс орнымен бірдей беріледі.

Қосымша жұмыс істеуге тыйым салынатындар:

  • 18 жасқа толмағандар,

  • қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер (медициналық қызметкерлерден басқа),

  • мемлекеттік қызметкерлер.

Қалған кәмелетке толған азаматтар қосымша табыс табуға құқылы.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің халықпен кездесуі өтті

Redaktor Shyn-Ar

Балабақшалардың қызметі 2027 жылдан бастап лицензияланады

shyn_ar_admin

Астана соты әйелдерге қатысты пікір үшін Рүстем Жүгінісовке айыппұл салды

Redaktor Shyn-Ar