«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратДенсаулық

Халыққа тегін берілетін 3 500 дәрінің 20-сына қауіпсіздік стандартына сәйкессіздік анықталды

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов Үкімет отырысында кейбір тегін берілетін дәрілерді Қазақстан аумағында тіркеудің уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

— Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында елімізде 2 зертхана жұмыс істейді. Биыл 1 723 дәрілік зат пен медициналық бұйымға жүргізілген сараптама нәтижесінде 43 препаратта сәйкессіздік анықталып, олар нарықтан алынды, — деді ол.

Министрлік халыққа тегін берілетін 3 500 дәрінің тиімділігі мен қолдану тәуекелдерін бағалап, олардың 20%-ында сәйкессіздік табылғанын атап өтті.

— Осыған байланысты өндірушілер тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізуі тиіс, ал күрделі жағдайларда препараттың тіркелуі уақытша тоқтатылады, — деді Тимур Мұратов.

Ұқсас жаңалықтар

Пропавшего в горах Алматы 20-летнего парня нашли мертвым

МӘМС қаржысын жымқыру: Мемлекетке келген шығын 2 млрд теңгеге жетті

Такси в Казахстане – самые дорогие в СНГ: цены выросли на 10% за год