«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемҚұқық

Ресей шекарадан өту талаптарын өзгертті: нені білу керек?

2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Ресейде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шекарадан өту тәртібі өзгереді. Енді шетелдіктердің биометриялық деректері (саусақ іздері, сурет және т.б.) алынады, ал елге келер алдында алдын ала электрондық хабарлама жасау қажет болады. Бұл өзгерістерді тексеру мақсатында эксперимент жүргізіледі, ол 2025 жылдың 1 желтоқсанынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады және қажетті техника бар барлық өткізу пункттерінде іске қосылады. Биометрия тапсыру міндетті емес: Беларусь азаматтары, 6 жасқа дейінгі балалар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері. Эксперимент шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей Федерациясына кіру және шығу шарттарын тексеру үшін ұйымдастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

NARXOZ University: Сенатор Жанна Асановамен билік тармақтары жайлы ашық кездесу

Redaktor Shyn-Ar

Кто посетит Казахстан на этой неделе призиденту

АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар Семей аумағына көміледі

Redaktor Shyn-Ar