«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Жасанды интеллектті қолдану ережелері өзгерді: Жаңа заң нені міндеттейді?

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң толық күшіне енді. Құжат елде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолданудың құқықтық негізін айқындап, адам өмірі мен ерік бостандығын басты құндылық ретінде бекітеді. ЖИ адамның саналы шешім қабылдау қабілетін шектемеуі және оның дербестігі барлық кезеңде сақталуы тиіс.

Заңда әділдік, теңдік, ашықтық, қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау қағидаттары белгіленген. Пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктері мен шектеулері, деректердің автоматтандырылған өңделуі және өз құқықтары туралы толық ақпарат алуға құқылы.

Жасанды интеллект жүйелері тәуекел деңгейіне қарай төмен, орта және жоғары болып жіктеледі. Жоғары тәуекелді жүйелер, әсіресе мемлекеттік және маңызды салаларда қолданылатындары, қатаң қауіпсіздік талаптарына бағынады.

Манипуляциялық, кемсітушілікке жол беретін, адамның эмоциясын келісімінсіз анықтайтын, жеке деректерді бұзатын және тыйым салынған контент тарататын ЖИ жүйелерін жасауға және пайдалануға тыйым салынады.

Сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен жасалған контент міндетті түрде таңбалануы тиіс. ЖИ арқылы жасалған туындылар тек адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана авторлық құқық нысаны ретінде танылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

Премьер-министр Бектенов Үкімет отырысынан аяқ асты шығып кетті

Жұмыссыздарға әлеуметтік төлем көлемі артты: 308 мың азаматқа қолдау көрсетілді