«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев өзінің баспасөз хатшысын ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметінде кадрлық өзгеріс болды. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Руслан Желдібай аталған лауазымнан босатылып, оның орнына Айбек Смадияров тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды. Президенттің өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Руслан Желдібай 2022 жылғы 14 сәуірде Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалған болатын. Кейін, 2023 жылғы 5 қаңтарда ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне кіріскен.

Ал Айбек Смадияров 2024 жылдың желтоқсан айында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен. Одан кейін Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстан сыбайлас жемқорлық индексінде 96-орынға төмендеді

Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады