«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемМәдениет

Мәскеуде Әлихан Бөкейхановтың мүсіні орнатылды

Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі

Мәскеу қаласындағы Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы Қазақстан павильонында мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың мүсіні орнатылды. Ескерткіш тұлғаның 160 жылдық мерейтойына орай таныстырылды.

Іс-шарада Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Бөкейхановтың Ресей империясының Мемлекеттік Думасы құрамында жұмыс істеп, қазақ халқының мүддесін қорғағанын атап өтті.

Рәсімге қайраткердің туысы, профессор Нұрым Бөкейханов та қатысып, оның Абай Құнанбайұлы мұрасын зерттеуге қосқан үлесін еске салды.

Әлихан Бөкейханов 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, кейін 1989 жылы толық ақталған.

Ұқсас жаңалықтар

«Неге жедел жәрдемді 10 минут кеш шақырдыңыз?» — астаналық клиникадағы қайғылы жағдайдың шындығы ашыла бастады

Қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті төлеуді талап етіп, петиция жариялады

Алматының бұрынғы бас сәулетшісінің ісі: әкімдік 6 миллиард теңгені өндіруге талап арыз берді

shyn_ar_admin