«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілім

Биыл «Алтын белгі» төсбелгілерін дайындауға 230 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Биыл «Алтын белгі» төсбелгілерін дайындауға 230 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 8000-нан аса үздік түлекке арналған төсбелгіні жасау үшін 231,3 миллион теңге жұмсалмақ. Тапсырысты Қазақстан теңге сарайы мамыр айының соңына дейін толық аяқтайды деп жоспарланған. Бір төсбелгінің орташа құны – 27 695 теңге.

Соңғы үш жылда «Алтын белгі» төсбелгісінің бағасы едәуір өскен. Мәселен, 2023 жылы оның құны 16 520 теңге болған.

Сонымен қатар, үздік оқушылар саны да артқан. 2023 жылы «Алтын белгіге» небәрі 5500 оқушыға тапсырыс берілсе, биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғарылаған.

Ұқсас жаңалықтар

«Аты бар, заты жоқ» ИП-лар нарықтан кетіп жатыр – Жұманғарин мәлімдемесі

Redaktor Shyn-Ar

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінен кетіп, жаңа лауазымға тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

«Бір адам мойнына алмаса, бәрімізге қиын болады»: Абзал Шынасыл істі мойындау себебін түсіндірді