«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Путинді қарсы алды

Астанада Ресей Президенті Владимир Путинді ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттік сапармен келген Ресей басшысын Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алды.

Салтанатты рәсім барысында әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары әуеде Ресей туының түстерін бейнелейтін ақ, көк және қызыл түтін іздерін қалдырып ұшты. Одан кейін екі елдің көшбасшылары өз делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Құрмет қарауылы сап түзеп, әскери бөлім бастығы рапорт берді. Рәсім барысында Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Салтанатты бөліктен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кеңейтілген құрамдағы келіссөздерді бастады.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанай облысында зираттарды су басты

Redaktor Shyn-Ar

«145 депутат 5 жылға сайланады»: Парламент Құрылтай туралы заңды қабылдады

Шахтадағы апаттың себебі белгілі болды

Redaktor Shyn-Ar