«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ

Қазақстан 2027 жылға қарай электр энергиясы тапшылығын толық жоюды жоспарлап отыр. Биыл елімізде 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру көзделген.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда 53,6 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндіріліп, тұтыну көлемі 53,3 млрд кВт/сағ болды. Нәтижесінде шамамен 300 млн кВт/сағ көлемінде электр энергиясының профициті қалыптасты.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш энергетикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын, генерациялайтын қуаттардың сенімділігін және ішкі сұраныстың толық қамтамасыз етіліп отырғанын айғақтайды.

Жыл соңына дейін дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері есебінен жалпы қуаты 2,6 ГВт болатын жаңа нысандар іске қосылады. Атап айтқанда, төрт газ электр станциясы пайдалануға беріліп, екі электр станциясының қуаты кеңейтіледі. Сонымен қатар төрт жел электр станциясы, бес күн электр станциясы және бір су электр станциясын қамтитын 10 жаңа жаңартылатын энергия нысаны іске қосылады.

Министрліктің болжамынша, аталған жобалардың жүзеге асуы 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі электр энергиясы тапшылығын толық жоюға мүмкіндік береді. Ал 2029 жылға қарай Қазақстан тұрақты электр энергиясы профицитіне шығуды көздеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

22 мамырда ел бойынша дабыл сиреналары қосылады

«Қызғаныштан көзім қарауытып кетті»: Әкім орынбасарына шабуыл жасаған ер адамның соттағы мәлімдемесі

Redaktor Shyn-Ar

Bloomberg: Трамп Пасха мерекесіне дейін Украинадағы соғысты тоқтатуды қалайды