«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде жылдамдық 60 км/сағ-қа дейін төмендетілді

Алматыдағы Саин көшесінің Рысқұлов даңғылы мен Төле би көшесі арасындағы бөлігінде көлік қозғалысына қатысты жаңа тәртіп енгізілді. Бұл учаскеде бұған дейін рұқсат етілген 80 км/сағ жылдамдық енді 60 км/сағ болып белгіленді.

Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Саин көшесіндегі жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер енгізілген. Жаңа схема қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты ұйымдастыру жұмыстары аясында әзірленген.

Өзгерістерге сәйкес, қолданыстағы жолақтардың ені қайта бөлініп, аталған учаскеде төрт қозғалыс жолағы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Саин көшесінің Райымбек даңғылы және Төле би көшесімен қиылысатын тұстарындағы жол қозғалысының ерекшеліктері ескеріліп, қауіпсіздікті арттыру мақсатында көліктің ең жоғары жылдамдығы 60 км/сағ деңгейінде белгіленді.

Қала әкімдігі жүргізушілерді жаңа талаптарды сақтауға және жол белгілеріне мұқият болуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: Ядролық қақтығыс қаупі мен әлемдік шиеленістерге алаңдауымыз қажет

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша соттың басталатын күні белгіленді

Ұлттық сөздік қор: қазақ тілі жасанды интеллектке бейімделеді

Redaktor Shyn-Ar