«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпарат

Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үй енді ақпарат министрлігіне берілмек

Бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген зәулім үйдің жаңа иесі анықталды. Астананың Нұра ауданындағы Қараөткел шағынауданында орналасқан нысан енді Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Ақпарат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығының» теңгеріміне берілді.

Ғимарат қажетті құжаттар рәсімделіп, қызметтік мақсатқа бейімделгеннен кейін орталық қызметкерлерінің кеңсесі ретінде пайдаланылмақ. Қазіргі уақытта оны жөндеуге немесе күтіп-ұстауға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбеген.

Бұған дейін бұл үй Оқу-ағарту министрлігіне қарасты ерекше және инклюзивті білім беруді дамыту орталығына берілгенімен, балалармен жұмыс істеуге қолайсыз деп танылған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы да аукцион арқылы сатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Бір банктен екінші банкке ақша аударғанда ұсталатын комиссия құны өспек

«Қара теңіз есеп айрысатын алаң емес»: Ердоған Путинмен кездесуден кейін екі тарапты бейбітшілікті сақтауға шақырды