«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

«Англияға жұмысқа орналастырамын»: Көкшетау тұрғыны 100-ге жуық адамды алдап соққан

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 82

Көкшетау тұрғыны шетелге жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 92 азаматтан шамамен 70 млн теңге алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Ақмола облыстық соты хабарлады.

Сотта анықталғандай, жеке кәсіпкер 2024 жылдан бастап азаматтарға шетелде жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарды рәсімдеу қызметін ұсынған. Ол әлеуметтік желілерде өзін блогер ретінде таныстырып, көрсететін қызметтері туралы жарнама жариялаған.

Кәсіпкер азаматтармен шетелде жұмысқа орналасу туралы шарттар жасап, виза мен медициналық сақтандыруды рәсімдеуге, сондай-ақ Англияға ұшу уақытын белгілеуге уәде берген. Қызметі үшін әр азаматтан 250 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша алған.

Алайда қаражатты алғаннан кейін міндеттемелерін орындамаған. Жәбірленушілермен кездесуден бас тартып, телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Тергеу мәліметінше, оның әрекетінен Көкшетау, Астана және Қарағанды қалаларының, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының 92 тұрғыны зардап шеккен.

Сот ер адамды 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Сонымен қатар оған азаматтардың ақшасын коммерциялық және өзге де қызметке тартуға байланысты қызметпен айналысуға 5 жылға тыйым салынды.

Алайда сотталушының кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты бас бостандығынан айыру жазасын өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды.

Сот 28 жәбірленушінің азаматтық талаптарын қанағаттандырды. Оларға келтірілген материалдық залалдың 200 мың теңгеден 1 млн теңгеден астам сомасы өндірілді.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

«Дөрекілік пен мәдениетсіздіктің көрінісі»: Тоқаев қазақстандықтардың мінез-құлқын сынға алды

Нұрбол Назарбаев әкесінің қарызына байланысты өзін банкрот деп жариялай алмады

Қазақстанға қай елден көп қаражат келді?

Redaktor Shyn-Ar