«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Әнипа Назарбаеваның компаниясының мемлекет алдындағы салық қарызы 92 млрд теңгеден асты

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қарындасы Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компания елдегі ең ірі салық борышкерлерінің қатарына енді. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, «GROUP OF THE COMPANIES TDA» ЖШС-нің мемлекет алдындағы салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша берешегі 92,3 млрд теңгеден асады.

Комитеттің редакция сұрауына берген жауабында 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аталған компанияның қарызы 92 307 598 мың теңгені құрайтыны көрсетілген. Сонымен қатар компания өзін банкрот деп тану туралы сотқа талап-арыз берген, бұл іс қазіргі уақытта соттың қарауында.

Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған 2026 жылғы 1 қаңтардағы ең ірі салық борышкерлерінің «анти-рейтингіне» сәйкес, Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компания үшінші орынға жайғасқан. Алғашқы орындарда Ai-To Progress ЖШС (111,6 млрд теңге), Alpha-bet ЖШС (95,1 млрд теңге) және одан кейін GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС (92,3 млрд теңге) тұр. Одан кейінгі орындарда OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі (85,6 млрд теңге) мен GB Invest ЖШС (47,2 млрд теңге) орналасқан.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы шілдеде GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС Қытайдан тауарды заңсыз әкелу және салық төлеуден жалтару фактілері бойынша кінәлі деп танылған. Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті компания уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, Қытайдан 100-ден астам контейнер тауарды заңсыз жолмен импорттағанын анықтаған.

Тергеу барысында компания қосылған құн салығын, корпоративтік табыс салығын және кедендік баждарды төлемеу үшін өз бақылауындағы 10 ЖШС арқылы жалған шот-фактуралар рәсімдегені белгілі болды. Келтірілген залал шамамен 10 млрд теңгені құраған.

Сот шешімімен іс фигуранттарына 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүлкі тәркіленген. Қатысушылардың біреуі халықаралық іздеуге жарияланған. Тергеу кезінде компания бюджетке ерікті түрде 643 млн теңге қайтарған. Сонымен қатар 1,3 млрд теңгеге бағаланған тауарлар мен 300 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынған. Бұған қоса, тағы 47 контрагент мемлекетке 240 млн теңге төлеген.

Group of the Companies TDA ЖШС 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Компания түрлі тауарларды көтерме саудамен жеткізумен айналысады. Құрылтайшылары – Әнипа Назарбаева мен Әли Қылышбаев. Әли Қылышбаев 2021 жылдан бері компанияның басшысы ретінде көрсетіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Redaktor Shyn-Ar

В Казахстане появится новый автомобильне нормера

Перизат Қайраттың жымқырған байлығы – 4 автокөлік, 4 пәтер мен жеке үй аукционға шығады

Redaktor Shyn-Ar