«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Нұрәлі Әлиев Қазақстан мектеп бағдарламасынан алынған «Өзін-өзі тану» пәнін қайта дамытып, оны халықаралық деңгейге шығаруға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл пәннің авторы әрі негізгі идеологы — Сара Назарбаева.

Әлиевтің айтуынша, бүгінге дейін оған бала кезінде дәл осы пәннен шабыт алып, өмірлік жолын тапқанын айтатын адамдар жиі кездеседі.

«“Өзін-өзі тану” – өте жақсы пән. Ол балаға ішкі тірегін қалыптастырып, өзіне және болашағына деген сенімін арттырады. Сондай-ақ адамның дүниетанымын дамытуға ықпал етеді. Өкінішке қарай, бұл пән мектеп бағдарламасынан алынып тасталды. Мүмкін, бұған саяси шешімдер әсер еткен шығар. Қазір мен осы бағытпен тереңірек айналысып жүрмін және пәнді халықаралық деңгейде дамытқым келеді. Себебі оған сұраныс бар», – деді ол.

Сонымен қатар Нұрәлі Әлиев елдегі білім сапасы мен мектептердегі тамақтану мәселесіне де сын айтты.

Еске салсақ, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті оқу бағдарламасынан алып тастап, факультатив ретінде қалдырған болатын. Мұндай шешім пәннің мазмұны мен тиімділігіне қатысты айтылған сын-пікірлерден кейін қабылданды. Сын айтушылардың пікірінше, сабақ барысында оқушылар көбіне жалпы тақырыптарды талқылап, бағдарлама талаптары толық орындалмаған.

Ұқсас жаңалықтар

“Олимптің“ бұрынғы иесі Қазақстанда қайтыс болды деп танылды — БАҚ хабарлады

Redaktor Shyn-Ar

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қазақстан «Одақбас» деген ойыннан шығайын деді…

Redaktor Shyn-Ar