«Шын-Ар» ақпараттық порталы
әскерБасты ақпарат

Әскерилер, полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың азық-түлігіне киік еті пайдаланылуы мүмкін

Премьер-министр Олжас Бектенов киік етін Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігінің азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Үкіметтің мәліметінше, ақбөкен санының күрт көбеюі ауыл шаруашылығына елеулі залал келтіріп отыр. Осыған байланысты өңірлерде жедел штабтар құрылып, патрульдеу жұмыстары ұйымдастырылған. Іс-шараларға 400-ге жуық адам мен 230-дан астам техника жұмылдырылған.

Өткен жылы киік етін өңдеумен 30 ет өңдеу кәсіпорны айналысқан. Алайда нарықта ет өнімдерінің шамадан тыс көбейіп кетуіне жол бермеу үшін тұяқты жануарларды ату көлемі шектеліп отыр. Осыған байланысты өндірілген өнімді күштік құрылымдардың азық-түлік қорына және мемлекеттік материалдық резервке бағыттау мәселесі қарастырылуда.

«Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі бұл өнімді азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінде және мемлекеттік материалдық резервте пайдалану мәселесін пысықтап жатыр. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі киікті сою тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, киік етіне арналған ұлттық стандарттарды әзірледі», – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Полаттың әкесі сотталушылардан түскен өтемақыны балалар үйіне аударатынын мәлімдеді

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда жаңа күріш сорты сынақтан өткізіліп жатыр

Redaktor Shyn-Ar

Ақылы жол ақшасы енді үкімет қарызын жабуға жұмсалуы мүмкін