«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратЗаң

«Павлодар – Ресейдікі»: Қазақстан туралы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік блогер айыппұл арқалап, елден шығарылды

Әлеуметтік желіде Fassoollka лақап атымен танымал ресейлік стример Ксения Гузаева Қазақстан туралы айтқан даулы әрі арандатушылық пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.

Астана полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында шетел азаматшасы Г.К.-ның тікелей эфирлерде арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлер айтқаны анықталған.

Сот шешімімен азаматшаға әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар заңнамада белгіленген тәртіппен оны Қазақстан аумағынан шығару туралы шешім қабылданды. Енді оның елімізге кіруіне бес жылға шектеу қойылды.

«Қазақстан – шетел азаматтары мен ел қонақтары үшін ашық мемлекет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында болу заң талаптарын мүлтіксіз сақтауды, сондай-ақ елімізге, оның азаматтарына және жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына құрметпен қарауды талап етеді», – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға көшіп келген ресейлік блогер Ксения Гузаева тікелей эфир барысында Қазақстан мен қазақ халқына қатысты жағымсыз пікірлер айтып, қоғамның наразылығын тудырған еді.

Ол Қазақстанды қорлайтын атаулармен атап, қазақ халқына қатысты балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ тікелей эфир кезінде Павлодар қаласы туралы «Ресейдікі» деген пікір білдірген.

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары блогердің әрекетіне заң аясында баға беріп, тиісті шара қолдануды талап етті.

Ұқсас жаңалықтар

Русофобиямен күресемін деген блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Англияға жұмысқа жібереміз деген алаяқтар 300-ге жуық қазақстандықты алдаған

Redaktor Shyn-Ar

Шерзат ісі: Прокурорлар сотталушыларға 23 жылға дейін жаза беруді сұрады

Redaktor Shyn-Ar