«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пәкістандық The News International газетіне берген сұхбатында Гренландия мәселесіне халықаралық құқық пен прагматикалық көзқарас тұрғысынан қарау қажет екенін атап өткен болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, ықтимал шешімдердің бірі — АҚШ пен Дания арасында Гренландия аумағын 120 жыл мерзімге жалға алу жөнінде келісім жасасу.

Бұл жағдайда Гренландия заңды түрде Данияның құрамында қалып, оның егемендігіне нұқсан келмейді. Ал келісімнің практикалық тетіктері тараптардың ортақ стратегиялық мүдделеріне сай болуы мүмкін. Президент диалог, жауапты саясат және халықаралық құқықты құрметтеу негізінде өзара қабылданатын әрі прагматикалық шешімге қол жеткізуге үміт білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

«Экс-президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралады» деген норма жоқ – депутат жаңа Конституция туралы

Redaktor Shyn-Ar

Қарттар үйіндегі зейнеткерлердің зейнетақысы қысқара ма? Министрлік жаңа тәртіп ұсынды

«Біз әлі талай қазақша сөйлейміз!»: Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін ресми мәлімдеме жасады