«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Денсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салмақ

Young man with patient bib on a dental chair and a dentist who sits next to him. He looks on his teeth using a dental microscope and holds a dental bur and a mirror.

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану ережелерін қайта қарау бойынша жаңа ұсыныстар әзірледі.

Бұл құжат біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесін қайта қарау мақсатында дайындалған.

Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталғандықтан, тіс емдеу қызметтеріне — атап айтқанда, тіс протездеу мен имплантацияға — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мүмкіндігін алып тастау ұсынылуда.

Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 30 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Еске салайық, бұған дейін Атырау қаласында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тіс емдеуге деп бөлінген 200 миллиард теңгені жымқырған қылмыстық топ әшкереленген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Көру қабілеті нашар сотталған Әлия Молдағұловаға арнап мұрал салды

Алматы крематорийі іске қосылуға дайындық үстінде

Redaktor Shyn-Ar

“Бүйрегін алып тастадық“. Павлодарда анасы биіктен тастап жіберген балалардың жағдайы айтылды