«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Конституциялық комиссия құрылады: Тоқаев Жарлыққа қол қойды

Ақорда

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған құжатта айтылған.

Жарлықта мемлекеттік заңнаманы жетілдіру, Конституцияны жан-жақты әрі терең талдау, сондай-ақ ауқымды реформаларды іске асыру аясында Конституциялық комиссияның құзыреті мен негізгі функциялары айқындалған.

Комиссия Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеумен қатар, қоғамдық пікірді зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен бірге оның қызметіне мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуы көзделген.

Осы шешім арқылы Қазақстанда конституциялық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін институционалдық тетік қалыптасты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда түрік университеттерінің филиалдары ашылады

Redaktor Shyn-Ar

Олжас Бектенов темір жол жобаларын уақытылы пайдалануға беруді тапсырды

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды