«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Қызылордалық белсенді Гүлназ Серікбаева 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылордада полиция белсенді Гүлназ Серікбаеваны ұстады. «Белсенділер экстремист емес» құқық қорғау тобының мәліметінше, полиция белсендінің үйіне тінту жүргізіп, кейін оны ұстаған.

Гүлназ Серікбаеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот қаулысына сәйкес, қылмыстық істің қозғалуына Серікбаеваның Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған жазбалары негіз болған. Психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысында оның жазбаларының жалпы мазмұны орыс және қытай ұлттарының өкілдеріне қатысты жағымсыз пікір қалыптастыруға бағытталғаны айтылған.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда арнайы жасақтың белсендінің үйіне түнгі уақытта келіп, анасының қарсылығына қарамастан оны алып кеткені көрінеді.

«Жаңа ғана полиция қызметкерлері келіп, қызымды күшпен алып кетті. Мен қарсылық білдіргенімде, мені итеріп жіберді. Желкем қабырғаға тиіп, қан қысымым көтерілді. Кейін жедел жәрдем шақырдық. Дәрігерлер ауруханаға алып кетуді ұсынды, бірақ үйде кішкентай бала болғандықтан бара алмадым», – дейді белсендінің анасы Дәбеш Шілдебаева әлеуметтік желіде жарияланған видеода.

Бұған дейін 38 жастағы белсенді Гүлназ Серікбаева 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Ол кезде оған қамауда отырған белсенді әрі марафоншы Марат Жыланбаевты қолдағаны үшін «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» бабы бойынша айып тағылған. Алайда белсенді өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген.

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығына бөлінетін дизель енді түспен белгіленеді

МӘМС жүйесіне байланысты депутат Бас прокуратураға арызданбақ

Қазақстанда 11 миллион гектар жер халық игілігіне қайтарылды