«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратДенсаулық

Қазақстанда «жаңа вирус» тарады ма?

Күз басталғалы әлеуметтік желіде қазақстандықтар жаппай ауырып жатқанын жазып жатыр. Тұрғындар тамақтың ауыруы, мұрынның бітуі, түшкіру, әлсіздік, дауыс қарлығуы және жөтел сияқты белгілерге шағымданған. Кейбірі аурудың дене қызуынсыз өтіп жатқанын және қайта-қайта ауырып жүргенін айтқан.

«Күзден бастап біртүрлі ЖРВИ басталды. Алдымен түшкіру, кейін тамақтың қызаруы, дауыс қарлығуы және қатты жөтел пайда болады. Бірақ дене қызуы жоқ», – деп жазды желі қолданушысы.

Астана тұрғындары да ұқсас белгілер туралы жазып, «жаңа вирус» тарады деген болжам білдіруде.

Мамандар бөлмені жиі желдетуге, қолды таза ұстауға, ауру адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болуға кеңес береді. ЖРВИ белгілері байқалса, үйде болған дұрыс. Ал дене қызуы көтеріліп, қатты әлсіздік немесе тыныс алу қиындаса, дәрігерге жүгіну қажет.

Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада тыныс жолы ауруларының әдеттен тыс белгілері байқалмағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ауру көп жағдайда кәдімгі ЖРВИ белгілерімен өтеді.

2026 жылғы 4-10 қыркүйекте Астанада 3 354-ке жуық ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 31 пайызға аз. 2025 жылғы осы аралықта 4 638 жағдай тіркелген.

Ұқсас жаңалықтар

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда пәтер жалдау бағасы төмендей бастады

Жеке клубқа – мемлекеттік қаржы: «Қайратқа» 750 млн теңге бөлінуі мүмкін